Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарға жобаның мүмкіндіктері мен құралдарын үйрету тренингтері.
Қатысушылар ұсынған идеяларды сарапшылар бағалап, мектеп өмірінде қолдану үшін енгізеді.
Қатысушылар бірлесіп, мектептегі мәселелерді шешу үшін ұсыныстар талқылайды.
Білім беру саласындағы мәселелерді анықтау үшін сандық сауалнамалар арқылы деректер жинау.
Біздің алғашқы қадамымыз – мектеп қауымдастығындағы түйткілді мәселелерді анықтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, білім беру процесінде туындаған қиындықтарды талқылайды. Сандық сауалнамалар, фокус-топ талқылаулары және жеке пікір алмасулар арқылы нақты мәселелер анықталады
Екінші қадамда қатысушылар – оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар – шешімдерді ұсыну үшін өз идеяларын ортаға салады. Бұл кезеңде шығармашылыққа кең мүмкіндік беріледі. Арнайы идеялар байқаулары, хакатондар немесе топтық жұмыстың нәтижесінде ең маңызды ұсыныстар жинақталады.
Ұсынылған идеялар арнайы мамандар тобы тарапынан бағаланады. Бұл кезеңде ұсыныстардың жүзеге асырылу мүмкіндіктері, тиімділігі және мектеп қауымдастығына тигізетін әсері мұқият сарапталады. Бағалау барысында барлық қатысушылардың пікірі ескеріледі, ал ең үздік шешімдер таңдалады.
Соңғы қадамда таңдалған идеялар тәжірибе жүзінде іске асырылады. Жобаларды мектеп әкімшілігі мен қатысушылар бірлесіп жүзеге асырады. Іске асырылған шешімдердің нәтижелері ұзақ мерзімді мониторинг арқылы бақыланады. Қатысушыларға нақты нәтижелер көрсетіліп, жобаның тиімділігі туралы есеп беріледі.